• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

Ақмола облысында екі мектеп оқушысы суға батып кетті

327 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 31 мамыр. Ақмола облысында мектепте оқитын екі қыз бала қолдан қазылған орда шомылып жүріп, суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тішлісі хабарлады. «Облыстың Қорғалжың ауданындағы Тайтөбе ауылындағы су тасқынына қарсы күрес үшін қазылған траншеяда шомылып жүрген кәмелетке толмаған екі қыз суға батып кетті. Олардың бірі Тайтөбе ауылында тұратын 2002 жылғы 8 сынып оқушысы болса, екіншісі Жантеке ауылында тұратын 2003 жылғы 7 сынып оқушысы», - деді полицейлер. Судан алып шығарылған екі қызда да жан болмаған. Оларға зомбылық зардаптары көрсетілгені байқалмайды. Енді барлық жайды анықтау үшін медициналық сараптама жасалады. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқушылардың жазғы демалыс күндерінде балаларды қараусыз қалдырмауға шақырып жатыр. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.