• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

Алғаш рет ұсынылады

353 рет
көрсетілді

Төртінші халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көр­месіне санаулы күндер қалды. Бұл көрмеде қазақ­стан­дық қорғаныс өндірушілері өздерінің тың жаңа­лық­тарын көрсетеді. «ARMYTEX» қазақстандық компаниясы МиГ-29, МиГ-31, Су-25 және Су-27, Су-29 маңдайшептік авиацияның ұшақтарына арналған парашюттік-тежегіш жүйелерін ұсынады. Парашюттік-тежеуіш жүйесі көліктік құралдарды тежеу және дөңгелектердің тежегіш жүйесін жүктен босатуға арналған. Жасанды төмендету арқылы тежеу кезінде жүрістің қашықтығын азайтады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 300-ге дейін парашюттік-тежегіш жүйелерін шығаруға жетеді. Осылайша, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мұқтаждығын толығымен өтейді және аталмыш бұйымдардың экспорттық әлеуеті құрылады. Компания аталған өнімді Қазақстан Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін шығаратынын және халықаралық деңгейге шығуды жоспарлап отырғанын айта кеткен жөн. Ал алдағы «KADEX-2016» көрмесі отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері мен даму перспективасын кеңейтеді. Одан басқа, көрме елімізге ірі шетелдік әзірлеушілер мен әскери және арнайы мақсаттағы өнім өндірушілерін тартуға септігін тигізеді. Соңғы деректерге сәйкес биылғы жылы 43 елдің қорғаныс компаниялары өздерінің жетістіктерін көрмеде паш етеді. «Егемен-ақпарат»
Соңғы жаңалықтар