үш құтқарушының өмірін қиды
Кеше «KazMinerais» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Востокцветмет» өндірістік бірлестігіне қарасты «Орлов» шахтасында апаттық жағдай орын алып, құтқарушылар қаза тапты. Бұл туралы Мемлекеттік «Кәсіби әскерилендірілген құтқару-авария қызметі» мен Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты индустриялдық даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Нақты мәліметтерге сүйенсек, 3 адам газдан уланған. Мұның екеуі – таудағы құтқару қызметінің мамандары Талғат Асылбеков пен Серік Аухадиев, шахтаның шаңнан тазалау бөлімінің басшысы, инженер-техник Ахметолла Асылбеков. Бір өкініштісі әкелі-балалы Асылбековтердің бірдей улануы болып отыр.
Қазіргі таңда орын алған оқиғаға орай, прокуратура мен ішкі істер департаментінің қызметкерлері «Kaz Minerals» серіктестігі мен «Востокцветмет» өндірістік бірлестігінде тексеру жұмыстарын бастады.
Айта кетейік, шахтадағы апат кезінде 15 таудағы құтқару қызметінің мамандары мен 3 арнайы техника жұмылдырылды. Құтқарушылар 2 сағат бойы шахтада залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»