АҚТӨБЕ. 1 маусым. Бүгін Ақтөбеде төрт балабақша ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тұрғындар қалашығы ауданында «Әсел» жеке меншік балабақшасының салтанатты ашылуы болды. Оның ашылу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
Мектепке дейінгі балалар мекемесі осы заманғы технологиялық және ойын қондырғыларымен, сапалы балалар жиһазымен жабдықталған. Балабақшада Мария Монтессори әдістемесі, үш тілділік, жобалық қызмет және денсаулық сақтау технологиясы енгізілген. Сөйлеу қабілетінде кінәрат бар балаларға коррекциялық-педагогикалық қолдау үшін логопедтік пункт жұмыс істейді.
Содан кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Заречный – 3» шағын ауданындағы «Дони» жеке меншік балабақшасының ашылуының салтанатты рәсімі болды. Сол күні «Ақжар – 2» шағын ауданында 100 орындық «БалДария» және 75 орындық «Шырайлым» жеке меншік балабақшалары пайдалануға берілді. Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жеке меншік мектепке дейінгі балалар мекемелері 33-тен 48-ге дейін көбейген. Жыл аяғына дейін тағы да 6 жеке меншік балабақша ашылады деп күтілуде.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, фото: egemen.kz
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e