ШЫМКЕНТ. 1 маусым. Шымкенттік Тимур Хайдаров байдаркамен каноэда ескек есуден Әлем кубогының иегері атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Әлем кубогы бәсекесі Чехияның Рачица қаласында өтті. Тимур Хайдаров 200 метрге жарыста алтын медаль алса, командаласы Мерей Медетовпен жұптасып есуде екінші орын иеленген.
Сонымен қатар, Оңтүстіктің ескекшілері ұлттық құраманың сапында Германияда өткен Әлем кубогының алғашқы кезеңінде де жүлдеге ілікті. Сергей Емельянов каноэда ескек есуден 500 метрге жарысып, қола жүлдеге ие болды. Әлем кубогы үшін бұл сынақтар Қазақстан ескекшілердің Олимпиада алдында дайындығын пысықтауға жақсы мүмкіндік болды. Рио-де-Жанейроға Оңтүстіктің алты ескекшісі лицензияны жеңіп алғандығы белгілі. Енді Әлем кубогы жолындағы бәсекеде жүлдегерлер қатарынан көрінуі бұл спортшылардың Олимпиадаға тек қатысып қайтуды ойламайтындығын аңғартады.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e