• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

Атырауда пара алған 4 мемлекеттік қызметкер ұсталды

494 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 1 маусым. Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 4 қызметкері «пара алу» күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Заңғар Заңқановтың айтуынша, сотқа дейінгі тергеу-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодексінің 366-баптың  3-бөлімінің 2,4 тармақшаларында көзелген «пара алу» фактісі тіркелді. «Қылмыстық істі тергеу барысында анықталғандай, наурыз-сәуір айларында аталған департаменттің лауазымды тұлғалары, дәлірек айтқанда, бөлім басшысы қарамағындағы қызметкерлерімен алдын ала сөз байласып, өзіне және басқа тұлғаларға пайда табу мақсатымен құжаттарды кедергісіз және тездетіп жасақтау үшін заңсыз ақшалай сыйақы алып отырған. Демек, пара берушінің пайдасы, яғни, оны қамқорлау немесе енжарлық таныту үшін пара алған. Оқиға орнын қарау барысында 549 000 теңге және 900 АҚШ доллары табылды. Күдікті төрт тұлға Атырау қалалық №2 сотының шешімімен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Осы қылмыстық іс бойынша Атырау облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының, мемлекеттік кірістер департаментінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел-тергу тобы құрылды», – дейді Заңғар Заңқанов. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеудің толықтай және әділ болуын қаматамасыз мақсатында барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірісітер департаменті. Фото: rgmedia.kz.
Соңғы жаңалықтар