ШЫМКЕНТ. 1 маусым. Оңтүстікте балалар күніне арналған «Балдаурен-2016» өнер байқауы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Байқауға қала, ауданнан іріктелген 7-14 жас аралығындағы 300-ден астам бала қатысты. Мұнда олар төрт жанр бойынша, атап айтқанда – дәстүрлі ән, классикалық ән және эстрадалық ән мен би бойынша өнер сайысына түсті.
«Дәстүрлі ән» бойынша Ұлжан Бектас, «классикалық ән» номинациясы бойынша Әйгерім Темірбекова бас жүлдеге ие болды. Айта кетейік, екі өнерлі жеткіншектер Шымкент қаласының тұрғындары.
Ал, «эстрада әншілері» байқауында бас жүлдені Төлеби ауданынан келген Нұрмұхамед Шабауов жеңіп алса, би жарысында шымкенттік «Еркетай» тобы үздік шықты.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e