• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

Колумбияда 650 кило есірткі тәркіленді

341 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 маусым. Колумбияның Кариб теңізінде тәртіп сақшылары 650 кило кокаин есірткісін тиеген кемені ұстады. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Күштік құрылым өкілдері су көлігінде отырған 4 адамды тұтқынға алды. Мәліметтер бойынша, олардың үшеуі Колумбия азаматы, ал біреуі Гондурас мемлекетінің тұрғыны болып шықты. Олар есірткіні АҚШ-тағы серіктестеріне жеткізбек болған. Тәркіленген есірткінің нарықтағы құны шамамен 20 миллион долларды құрайды. Айта кетейік, Колумбияда заңсыз есірткі тасымалдау 1993 және 1999 жылдар аралығында белең алған. Коки, кокаин, тіпті героин есірткілерін өндіретін негізгі елдердің бірі болған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.
Соңғы жаңалықтар