• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

Әлемде 45 миллион адам құлдықта жүр

231 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 маусым. Walk Free Foundation қоры жыл сайынғы әлемдік құлдық индексін жариялады. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәліметтер 167 елден жиналған. Мамандар қазіргі таңда жер бетінде 45,8 миллион адамның құлдықта жүргенін айтты. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 28 пайызға, яғни он есе артқаны анықталды. Walk Free Foundation мәліметтері бойынша, олардың саны Испания, Кения сол сияқты Аргентина елдерімен бірдей. Қазіргі таңда Үндістанда 18,35 миллион адам бостандығынан айрылған. Ал Азия елдері бұл тізімде алғашқы бестікке енген. Екінші орында Қытай. Аспанасты елінде 3,39 миллион адам құлдықта жүр. Сонымен қатар, Пәкістанда 2,13 миллион, Бангладеште 1,53 миллион адам бар. Ал Люксембург, Ирландия, Норвегия, Дания, Швейцария, Австрия, Швеция, Бельгия, АҚШ және Канада бұл тізімде соңғы орындардан көрінді. Мамандар бұл елдерде көрсеткіштің төмендігін экономикалық жағдайдың тұрақталғанымен байланыстырады. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.