• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Бала жүзінен күлкі кетпесін

458 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған іс-шараларға қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі Г.Әбдіқалықова Астана қа­ласының «Астаналық» сая­бағында өткен «Қош келдің, жаз!» атты балалар ойын-сауық бағдарламасын тамашалады. Мемлекеттік хатшы балаларымыздың бақытты балалық шағы, жақсы білім алуы, денсаулықтарының мықты бо­луы, үлкендердің ықыласы мен қамқорлығына бөленуі үшін Қазақстан Президенті тәуел­сіз­діктің алғашқы күндерінен бастап барлық жағдайды жасап келе жатқандығын айтты. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Заманауи мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт­тық ғимараттар, балалар алаңдары са­лынуда, қайырым­ды­лық қорлары мен өзге де ұйымдар қыз­мет ат­қаруда. Мысалы, бү­гінде Ас­та­нада 40 мыңға жуық бүл­діршін бала­бақ­шаға барып, 117 мыңнан астам оқушы білім алуда. Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы шығармашылық үйірмелерінің жұмысымен танысып, «Біз үздікті таңдаймыз!» атты балалар суреттерінің көрмесінде, «Шебер қолдар» шеберханасында, сонымен қатар зияткерлік және спорттық ойындар алаңдарында болды. Сол күні Г.Әбдіқалықова «Қа­зақ­стан» Орталық концерт залында балаларға арналған «Bi Жұлдызай», «Таң Шолпан» және «Бала дауысы» республикалық конкурстар жеңімпаздарының қатысуымен өткен «Біз – Ұлы Дала елінің ұрпақтарымыз!» атты гала-концертке қатысты. Мемлекеттік хатшы егемен Қа­зақстанның алғашқы қадам­дарының бірі балалардың құқық­тарын қорғауды қамтамасыз етумен байланысты екендігін атап өтті. 1994 жылы Қазақстан БҰҰ-ның «Баланың құқықтары туралы» конвенциясын ратификациялады. Бұл конвенцияға қосылу мемлекеттің әлем қауымдастығының өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғау са­ласындағы негізгі құжаттары талаптарына адалдығын паш етті. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан адам құқықтарына қатыс­ты 60-қа жуық халықаралық құжат­ты ратификациялады, олар­дың 15-тен астамы мақсатты түрде балалар құқықтарын қорғайды. Қазақстанда халықаралық стан­дарттарға сай институционалды және заңнамалық деңгейде балалар құқықтарын қорғаудың ұлттық моделі қалыптасты. Ел басшылығының саяси ерік-жігері мен балалар құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету ісіндегі мемлекеттік сындарлы саясаттың айшықты белгісі болып табылатын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Г.Әбдіқалықова балалардың әсемдік, шығармашылық және жасампаздық әлемінде өмір сү­руіне барлық жағдай жасалуы қажет екенін атап өтті. Мем­лекеттік хатшы: «Балаларымызды тәрбиелей отырып, біз мем­ле­ке­ті­міздің болашақ әлеуетін қалып­тастырамыз, олар елдің дамуына атсалысып, Отанымыздың табыс­тары мен жетістіктерін арттыра­тын болады», – деді. Сөзінің соңында Мемлекеттік хатшы балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде биліктің барлық тармақтарын, азаматтық қоғам мен үкіметтік емес және ха­лық­аралық ұйымдарды өзара тығыз байланыста болуға шақырды. Астанадағы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған негізгі мерекелік іс-шаралар «Ас­таналық» және Студентер сая­бақтарында, Қаржы министрлігі мен Оқушылар сарайы алдындағы алаңдарда өтті. Мереке күні еліміздің барлық өңірлеріндегі орталық алаңдар, стадиондар, саябақтар, сарайлар мен ойын-сауық кешендері балаларға және олардың ата-аналарына есіктерін айқара ашты.
Соңғы жаңалықтар