• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Ортақ ұстанымдар орайындағы әңгіме

291 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаева Латвия Саэймі (Парламент) Төрағасының орынбасары Либиня-Эгнеремен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Айта кетейік, Латвия делега­циясы Астанаға «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген болатын. Кездесу барысында парла­мент­аралық өзара іс-қимыл мәсе­лелеріне айрықша көңіл бөліне отырып, Қазақстан-Латвия қа­рым-қатынасын дамытуға баса назар аударылды. Тараптар атап өткен­дей, көпжақты ықпалдастық және ха­лықаралық саясаттағы өзекті мәселелер төңірегінде біздің ел­деріміздің ұстанымдары өте ұқсас. Осы ретте вице-спикерлер біздің елдеріміз мүшесі болып табылатын БҰҰ алаңдары, басқа да халықаралық платформа аясында жан-жақты әріптестік тұрғысынан қолға алынып жатқан шараларға тоқталды. Г.Исімбаева Латвия тарапына Қазақстанның ДСҰ-ға кіру және 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын жеткізді. Сонымен қатар, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындық және өту барысында Латвияның белсене қатысатынына сенім білдірді. Г.Исімбаева мәртебелі мейманды Мәжілістің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, Қазақстан Президентінің бес институттық реформасын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын заңнамалық қолдау тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Либиня-Эгнере Латвия Саэймі Төрағасының атынан Мәжіліс Спикеріне беру үшін Латвияға ресми сапармен келуге шақыруды табыс етті.