• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Жоғалған жігіт

383 рет
көрсетілді

тоғыз жылдан кейін табылды Осыдан он жылдай бұрын аяқ астынан жоғалып кеткен азаматты ата-анасы аман-есен тауып, шексіз қуанып жатыр. Мұндай да болады екен. Қарағандыдан 57 ша­қырым жердегі Ақтау кен­тіндегі цемент зауытында күзетші болып істеп жүрген Мейіржан Қалиакпаров 2007 жылғы сәуір айының соңында зым-зия жоғалып кеткен. Сол кезде оның жасы 26-да еді. Жұмысынан қайтпаған жігітке ата-анасы көп кешік­тірмей іздеу салады. Белгілі «Бармысың, бау­ырым?», «Жди меня» телехабарлары арқылы да зар иледі. Жа­қындары мен достары аяқ жеткен жердің бәріне хабарландыру ілді. Іздестіру еш нәтиже бермеген соң, полиция да шарасыздық танытып, атпалдай азаматты із-түзсіз кеткендер санатына жатқызып еді. Сүйінші хабар да ой­ламаған жерден жетті. Жа­қында жоғалған жігіттің мектепте бірге оқыған дос­тары бас қоса қалған екен. Сонда олардың бірі оның жоғалып кеткені туралы хабарды естіп: «Жоғалғаны несі, мен оны жа­қында ғана Теміртаудағы бір фирмадан көрдім», – деп қойып қалады. Осы хабар жетісімен жоғалған жігіттің туғандары іргедегі Темір­тауға жетіп барады. Сөйтсе, М.Қалиакпаров шынымен де әлгі жолдасы айтқан кәсіпорында жүр екен. Байғұс жігітке не бол­ғанын қайдам, әйтеуір, 26 жасына дейінгі өмірі жадынан өшіп қалған. Тіпті, туған анасын да танымай қалыпты. Не болса да жақсы нәрсе емес, құдай басқа бермесін дейтіндей жайт. Қазір азаматты анасы әрнені сұрап өзі де мазаламайды, өзгенің де қазбалағанын қаламайды. Оған қазір тыныштық керек, өткенін еске түсіріп, қалыпты өмір­ге қай­таратындай жағдай жасау қажет. Он екі мүшесі аман табыл­ғанын айтыңыз. Өңгесі орнына келер... Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ