• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Арнайы шығарылым және Call-орталық

401 рет
көрсетілді

жер мәселесі жөніндегі сұрақтарға арналды Шығыс өңірінде «Жер ко­дексіне өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» Қа­зақстан Республикасының За­ңын терең түсіндіру мақ­сатында облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінің 500 мың дана арнайы шығарылымы жа­рық көрді. Аталған басылым өңірдегі әр қала мен ауданда кеңінен таратылуда. Бұл арнайы шығарылымда баспагерлер жер реформасының ережелерін түсіндіріледі. Оқыр­мандардың назарына Мемле­кет басшысы Н.Назарбаевтың Жар­лығымен 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізілген мораторий ұсынылған. Сон­дай-ақ, жалға берілген жер те­лімдерін сатып алу, ауыл ша­руашылығына пайдаланылатын жерлердегі шектеулерді алу, шетелдік азаматтардың жерді пайдалануы туралы жағдайлар жан-жақты жазылған. Барлық жарияланымдармен бірге шы­ғыс өңірінің жер ресурсы туралы инфографикалар, сызба­лар, статистикалық сараптамалар берілген. Арнайы шығарылым бар­лық қоғамдық орындарда, бі­лім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде тегін таратылып жатыр. Бұдан өзге, жер реформасы мәселелері жөнін­дегі Call-орталыққа келіп түс­кен сауалдар мен оған берілген жауаптар да көрініс тапқан. Айта кеткен ләзім, жер мәселесі жөніндегі Call-орталыққа ал­ғашқы он күннің өзінде 17 са­уал келіп түскен болатын. Шы­ғыс­қазақстандықтардың басым бөлігін жеке тұрғын үй са­луға арналған жер телімін алу тәртібі мазалайды. Халыққа жер заңнамасының нормала­рын түсіндіруді көздейтін Call-орталық облыстық жер қа­ты­настары басқармасының базасында құ­рылды. Басқарма бас­шысы Ернар Бексұлтановтың ай­туынша, түсіп жатқан сауалдармен бірге ұсыныстар да бар. Тұрғындар аталған тақырыптағы сауалдарын 8(7232)701-657, 702-391, 701-805 телефон номерлеріне хабарласып, қоя алады. Орталық мамандары сұрақтарға күнделікті сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жеткілікті дәрежеде жауап береді. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»