• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Алматыда көпқабатты үйден 200 адам көшірілді (фото)

251 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 2 маусым. Момышұлы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысындағы №136 тұрғын үйдің («Алғабас-6» ықшам ауданы) тұрғындары түн ішінде қағылған дабылмен сыртқа шығарылды. Себебі, 9 қабатты тұрғын үйдің бір жағына шөгіп, ауа бастағаны байқалған. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Төтенше оқиға болған жерде қазір қалалық және Алатау аудандық әкімінің құзырлы өкілдері мен құтқарушылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметінің мамандары жүр. Аумақ қоршалған. Бөтен адам кірігізілмейді. Тұғындар үйдің қисаюы бір ай тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан болуы мүмкін деген болжам айтуда. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәлімдеуінше, тез арада сыртқа шығарылған 200-ге жуық адам шатырлы қалашықтар мен қонақ үйлерге жайластырылды. Құрылысшы мамандардан құрылған комиссия іске кірісті. Тұрғын үйдің жарамды-жарамсыздығы туралы ақтық шешімді солар айтады. Талғат Сүйінбай. Дерек, фото: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.