• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Чадтың экс-президенті өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді

261 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 маусым. Чадтың экс-президенті Хиссен Хабреге сот жүзінде адамзат баласына қарсы қылмыстар жасады деген айып тағылып, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгінде жасы 72-ге келген Хабре 1982-1990 жылдары билік басында отырған кезінде жасаған алуан түрлі қылмыстары үшін «Африканың Пиночеті» деген ат алған. Полицейлердің айтуларынша, ол 40 мыңнан астам адамның қаза табуына айыпты болып саналады. Өткен жылдың жазынан бері Сенегал астанасында осы мәселе бойынша жұмыс жасап келе жатқан трибунал биылғы ақпан айында соттан Хабреге өмір бойы тар қапаста отыру жазасын беруді талап етті. Талғат Райымбек. Дерек: ras.kz. Фото: afrikareporter.com.
Соңғы жаңалықтар