• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Атырауда Италия азаматы елден шығарылды

258 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 2 маусым. Атырау қалалық соты Италия азаматы Флавиони Сидагни Қазақстанның заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұған дейін қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен 2010 жылы Италия азаматы Флавиони Сидагни Қылмыстық Кодекстің 259-бабындағы 3-бөлімінің «б», «в» тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Оған осы Кодекстің 55-бабын қолданылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазаны түзеу колонияның қатаң режимінде өтеуге сотталған. «Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2014 жылдың 1 тамыздағы қаулысының негізінде Флавиони Сидагни сот тағайындаған жазадан мерзімінен бұрын 1 жыл 8 ай 18 күнге шартты түрде босатылған. Аталған уақыттан бері Италия азаматы Ақтау қаласында жұмыс жасаған. Биылғы сәуірде жазасының мерзімі аяқталғаннан кейін Атыраудағы миграциялық полициядан еліне кету үшін визаны ресімдеуге келген. Алайда, ол Қазақстан халқының денсаулығына, адамгершілігіне қарсы ауыр қылмыс жасаған», – деді облыстық соттың баспасөз қызметі Боранбай Ғалиев. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» заңның 28-бабындағы в-тармақшасын басшылыққа алған сот оны ел шегінен тысқары шығаруға шешім алды. Оған ел аумағынан кетуге 15 күн мерзім уақыт берілді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Фото: sud.kz.