• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Цирк артисі аэропортта қалыңдығын буындырып өлтірді

463 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 маусым. Румыния циркінің артисі Севилья аэропортында ұшақтан қалып қойғандары үшін қалыңдығымен ұрыс-керіс барысында оны ашумен буындырып өлтірді. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлайды. Оқиға испан елінің Севилья қаласындағы аэропортта орын алды. Онда 34 жастағы цирк артисі өзінің қалыңдығын Италияға баратын ұшақ рейсінен қалып қойғандары үшін ашу шақырып, оның соңы қызды буындырып өлтірумен аяқталған. Екі жастың арасындағы келіспеушілік аэропорттың автотұрағында өріс алған. Полицейлер оқиға болған жерден 32 жастағы Румыния азаматшасының өлі денесін тапқан. «Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол қалыңдығын ұшақ рейсінен қалып қойғандары үшін өлтірген. Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді жергілікті полицейлер. Айта кетейік, өткен жылдың 18 қазан күнінде Ыстамбұл аэропортында дәл осыған ұқсақ жағдай орын алған болатын. Онда Британия азаматшасы ұшақтан қалып қойғаны үшін өзіне қол салған. Талғат Райымбек. Дерек: lenta.ru. Фото: ispaniya411.ru.