• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Ақтөбеде жәрмеңкеде 421 жұмыс орны ұсынылды

191 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 2 маусым. Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион алаңында қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл жолы 40 жұмыс беруші және 3 жеке кадрлік агенттігі 421 бос жұмыс орнын ұсынды. Олардың 120-сы әйелдерге, қалған 301 бос орын ер адамдарға арналып отыр. Сондай-ақ, шара барысында шаһардағы 5 арнаулы оқу орны кәсіптік бағыттау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Қазіргі таңда еңбек нарығында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бұрынғыдай жоғары білімді инженерлер, дәрігерлер, жалпы жұмысшылар қажет. Соңғы мәліметтер бойынша, Ақтөбе қаласында 700 жұмыссыз тіркеуде тұр», дейді Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нәйлә Бөртебаева. Жәмеңкеде, сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие алып, өз ісін ашқан 8 кәсіпкер өз өнімдерін ұсынды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, фото: egemen.kz // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e
Соңғы жаңалықтар