• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ертең ел чемпионаты басталады

289 рет
көрсетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 маусым. Ертең Алматы облысының орталығында ауыр атлетикадан еліміздің чемпионаты басталады. Бұл туралы облыстық ауыр атлетика федерациясының ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы  чемпионаты 3-8 маусым аралығында өтеді» , - делінген хабарламада. Чемпионаттың салтанатты жағдайдағы ашылу рәсімі 3 маусым күні сағат 15:00-де «Жастар» спорт сарайында өтеді. Жарыс күн сайын сағат 11:00-де басталады. Осы чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстанның Рио-де-Жанейро Олимпиялық ойындарында өнер көрсететін құрама командасының құрамы анықталады. Нұрбол Әлдібаев. Дерек: Алматы облысы ауыр атлетика федерациясы.
Соңғы жаңалықтар