• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Ресейліктер елдің достары мен дұшпандарын атады

465 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 маусым. «Левада-орталығында» жүргізілген соңғы сауалнама қорытындысы бойынша ресейліктердің АҚШ, Украина және Түркия елдерін мемлекеттің басты дұшпаны ретінде есептейтіні белгілі болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Көпшілік азаматтардың көзқарасы бойынша, яғни 72 пайызы Ресейге барынша қауіпті ел ретінде АҚШ-ты атады. Ал екінші орында 48 пайызбен Украина тұр. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 37 пайыз болатын. Үшінші орында Түркия – 29 пайыз. Өткен жылы бұл ел туралы кері көзқарастағылар саны 1 пайызды ғана құраған. Сауалнамаға қатысқандардың Ресейге ең жақын достас ел ретінде 50 пайызы Беларусьті, 39 пайызы Қазақстанды, 34 пайызы Қытайды таңдады. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».