• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Көкшетауда біреудің құжатымен несие алған қыз сотталды

325 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 2 маусым. Ақмола облысының орталығында өзге біреудің жеке куәлігін ұрлап кетіп, сол бойынша Kaspi Bank акционерлік қоғамынан кредит алған 23 жастағы қыз сотталды. Бұл туралы облыстық сот баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. «Көкшетауда танысының жеке куәлігін пайдалана отырып, Kaspi Bank акционерлік қоғамынан 196 389 теңге тұтыным кредитін алған 23 жастағы қыз сотталды», - делінген ведомство хабарламасында. Алаяқтық фактісі банк кредит алушының заем төлемей жатқанын тексерген кезде белгілі болып қалды. Жеке куәліктің шын егесі кредит жөнінде түк білмейтін болып шықты. Бірақ ол кредит алған қыздың суретін көрсеткенде, оны бірден таныды. Сөйтсе, ол өзінің К. деген жақын танысы екен. Осыған байланысты К. Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 1-тармағы («Алаяқтық») бойынша айыпты деп табылды. Сол оған дүние-мүлкін тәркілеу арқылы бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оған бір жылда 100  сағат мәжбүрлеп жұмыс істету көзделді. Сот сонымен қатар сотталушының еш жерде жұмыс істемейтінін және зардап шегушінің бас бостандығынан айырмайтын жаза белгілеуді сұрағанын ескерді. Айтқандай, сотталушы кредитке алған ақшасына үйге тұрмыстық жабдықтар сатып алған екен. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.