• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2016

Математиктер футбол нәтижелерін болжайтын құрылғы ойлап тапты

320 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 маусым. Австриядағы Инсбрук университетінің зерттеушілері футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионаты нәтижелерін болжауға мүмкіндік беретін статистикалық модель ойлап шығарды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сараптау нәтижелері дүбірлі додада Франция мен Германия құрама командаларының жеңіске жету мүмкіндіктері жоғары екенін көрсетті. Ғалымдар өздерінің болжамын жасарда 19 букмекердің мәліметтеріне сүйенген. Оларды нақтылығы әзірге айтылмайтын күрделі статистикалық модельдерге қолданды. Осыған дейінгі статистикалық модельдердің сенімділігі соңғы екі Еуропа чемпионаты мен әлем чемпионатында дәлелденді. Алайда, ғалымдар олардың дайындаған құрылғыларының матч қорытындысын 100 пайыздық нақтылықпен болжай алуы екіталай екенін айтты. Айта кетейік, биыл Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында Францияда өтеді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».
Соңғы жаңалықтар