• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2016

Кеңеске дайындық жайы қаралды

241 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) Бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның ТМЫК-мен өзара әрекеттестік мәселелері, ағымдағы жылдың күзінде Қырғызстанда өтетін Ұйымға мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық жайы талқыланды. Р.Гасанов Түркі кеңесінің жыл басынан бастап жасаған жұмысы мен таяу арадағы уақытқа арналған жоспарлары туралы айтып берді. Ол Астанаға ТМЫК-ге мүше-мемлекеттердің жас дипломаттарына арналған бірлескен курстардың 3-ші бағдарламасының тындаушыларына сертификаттар беру салтанатына қатысу үшін келгенін айтты. «Аталған бағдарлама ынтымақтастықты дамытуға және ТМЫК-ге мүше-мемлекеттер сыртқы саясат ведомстволарын жақындастыруға бағытталған, сондай-ақ, мемлекеттер басшыларының уағдаластықтарын іске асырудағы тәжірибелік қадам болып табылады», – деді Р.Гасанов. Өз кезегінде, Е.Ыдырысов ТМЫК Хатшылығының ұйымның алдағы саммитіне дайындығына қатысты және Түркі кеңесі елдері арасындағы ынтымақтастық мәселелерін үйлестіру ісіндегі жалпы қызметін жоғары бағалады. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі немесе Түркі кеңесі – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылғы қазан айында құрылған халықаралық ұйым. ТМЫК мүшелері: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия болып табылады. Ұйым хатшылығы Ыстанбұл қаласында орналасқан. «Егемен-ақпарат»