• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2016

Бармақ басты, көз қысты

620 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департамент шенеуніктердің бұрын істі болған адамды қызметке қабылдаған іс-әрекетіне өз бағасын берді. Құрылымның әдеп жөніндегі отырысында М.Жұмабаев ауданының әкімі Асқар Бегмановтың жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің тәртібін нығайту бағытында атқарылып жатқан шаралар жайлы хабарламасы тыңдалып, олқылықтарды жою мін­деттелді. Екі жыл ішінде ауданда лауа­зымды тұлғалар тарапынан 427 заң бұ­зушылықтың тіркелгені белгілі болды. Солардың бірі – облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Талғат Ақылбековтің сыбайлас жем­қор­лыққа жол беріп, абақтыда отыр­ғанына қарамастан, халық шығар­машылығы орталығының жетекшісі болып орналасуы. Мұндай бармақ басты, көз қысты әрекет газетте лауа­зымдық қызметке тағайындау тура­лы конкурс жарияланғаннан кейін жүргізілген тексеріс барысында әшкереленген. Осылайша сот шеші­мімен «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талаптарын өрескел бұрмалаған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Тамара Грибоваға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Талқылау барысында оның заңға қайшы әрекеттері мойнына қойылып, бетіне басылды. Бақыт РАМАЗАН, журналист Солтүстік Қазақстан облысы
Соңғы жаңалықтар