Ақтауда мемлекеттік кіріс департаменті өкілдері Ақтау халықаралық әуежайына кедендік бақылау-өткізу барысында заңсыз тасымалданған қомақты құндыз тондарды қолға түсірді. «Баку – Ақтау» әуе рейсінен табылған бұл дүниелердің саны 100 данадан астам болып шықты және Қытайдан алынған тауарлар екен. Заңсыз тауардың құны шамамен 24 миллион теңгеден астам деп бағаланып отыр.
Мемлекеттік кіріс департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда Қазақстан аумағына заңсыз тері өнімдерін тасымалдау әрекеті бойынша ҚР ҚК-нің 234-бабына сәйкес тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы