• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2016

Джеймс Кук кемесінің қаңқасы

592 рет
көрсетілді

Америка жағалауынан табылды Ағылшынның атақты теңізшісі, картографы және жаңа жерлер ашушы-зерттеушісі Джеймс Куктің «Индевор» кемесінің қаңқасы табылды. Даңқты капитан 1770 жылы Австралия құрлығын ашқаннан кейін Америкаға беттеген екен. Бұдан үш ғасырға жуық уа­қыт бұрын мұхит айдынында сайран салған корабльдің қал­дықтарын Rhode Island Marine Archeology Project (RIMP) атты коммерциялық емес ұйым қыз­меткерлері АҚШ-тың Род-Ай­ленд штатындағы Нью­порт қала­сына жақын жерден кезік­тірген. RIMP атқарушы директоры Кэти Аббасстың айтуынша, Кук экспедициясынан кейін «Индеворға» «Лорд Сэндвич» де­ген жаңа атау берілген. Ұйым мүшелері 1778 жылы Род-Айлендке шабуыл жасау қарсаңында Наррагансетт бұғазын блокадаға алу кезінде британиялықтар корабльді тағы 12 кемемен бірге суға батырып жіберген деген болжамды алға тартады. Қазір олар су көлігінің тоғыз жерінен жарылғанын айтады. Бірінші талпыныста бірден бес кеме суға батырылған. Солардың арасында«Лорд Сэндвич» те болған. «Ньюпортта революция ке­зінде суға батырылған барлық 13 кеменің де Америка тарихында алатын орны зор», – деп есептейді зерттеушілер. Қазір олар кемелер мен олардың батырылған жерлерін мұқият тексеріп шығып, бұлардың нақты қайсысы «Индеворға» тие­сілі екенін анықтағалы отыр.  Руслан ИГІЛІК