• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №300 

196 рет
көрсетілді

2016 жылғы 23 мамыр, Астана, үкімет Үйі Шарап материалын, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен қайта таңбалаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 653-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін 2015 жылғы 23 мамырдан бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау мүмкіндігімен, 2017 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде шарап материалын, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен қайта таңбалау жүзеге асырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы №2041 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №57, 497-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы №2041 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1473 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №9, 123-құжат). 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ