• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2016

Туристерді тегін тасиды

263 рет
көрсетілді

Маусымның 8-інен бастап Air Astana авиа компаниясы жолаушыларды Бішкектен Ыстықкөлге дейін ақы-пұлсыз жеткізіп тұруды өзінің міндетіне алып отыр. Мұны ол Қырғызстан астана­сындағы «Манас» әуежайынан Чолпон-Ата қаласындағы аэро­портқа дейін апару арқылы жасайды. Мұндай тегін қызмет әуе ком­­­пания­сының Астана – Біш­кек рейстерімен ұшатын бар­лық жолаушыларға 8 мау­сым­нан 8 қыркүйекке дейін көр­сетіледі. Бұдан әрі Ыстықкөл жағалауына дейін аптасына үш рет апарып-қайтатын тегін автобус­тар ұйымдастырылады. Жолаушыларды «Манас» аэропортынан әуе компаниясының өкілі күтіп алып, Чолпон-Атаға дейін апаратын автобусқа алып барады. Қырғызстанда ресми жазғы туристік мау­сым 7 мамырда ашыл­ған болатын. Руслан ИГІЛІК
Соңғы жаңалықтар