Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Эсенгул Омуралиевті қабылдады.
Министр қырғыз дипломатын Қазақстанда атқарған қызметі барысында бауырлас елдер арасындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Тараптар интеграциялық үдерістердің шеңберінде Қазақстан мен Қырғызстан алдында жаңа және айтарлықтай ауқымды мүмкіндіктер ашылып отырғаны туралы айтты.
Э.Омуралиев сыртқы саясат ведомствосына оның Қазақстанда атқарған қызметі барысында көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу жылы, достық рәуіште өтті.
«Егемен-ақпарат»