«KADEX-2016» көрмесінің алаңында отандық компаниялар шетелдік серіктестерімен өздерінің ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда.
Қазақстандық «Казтехнологиялар» компаниясы еліміздің Қорғаныс министрлігінің қолдауымен Қытай Халық Республикасымен бірқатар шарт жасасты. Еліміз Қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаевтың қатысуымен ірі калибрлі оқ-дәрілерді шығару жөнінде «Norinco Corp» компаниясымен технологиялар мен жабдықты беру жөнінде меморандумға қол қойылды. Екінші маңызды талқы Қазақстан Қарулы Күштерінің қызметшілері үшін тұрғын үй қорын құратын бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қою болды.
Жоспарланған құжаттарға қол қою экспорттық-бағдарланған өнімді шығаруды және мемлекеттік қорғаныс тапсырысының көлемінен тәуелділікті азайтуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ, елдің қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің жаңа перспективаларын дамытуға қарқынды серпін береді.
«Казтехнологиялар» АҚ «KADEX-2016» көрмесінің алғашқы күнінен бастап шетелдік серіктестерімен бірнеше келісімшарттар жасасты. Компания Қазақстан Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін оқ-дәрілердің толық айналымы саласында оператор қызметін атқарады.
«Егемен-ақпарат»