• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім 04 Маусым, 2016

Алғашқы алдын ала нәтижелер

250 рет
көрсетілді

ҰБТ 44 тестілеу пункттерінде өткізілді. Тестілеуге қатысуға өтініш жазған 18 599 түлектің 17 934-і тестілеуге қатысты (96,4%).

Олардың 13 026-сы қазақ, 4 908-і орыс тілдерінде. Бірнеше рет тәртіп бұзу себебінен 4 түлек тестілеуге қатыстырылмады. Олардың қорытын­дылары жойылды. 8 522 рұқсат етілмеген заттар қолданыстан алынды (2015 ж. – 7 712). Орташа балл – 83,7. 2015 жылы – 79,7.

Көрсеткіштің 2015 жылмен салыстырғанда 4 баллға өсу себебі тестілеуге дайындықтың өсуі. 50 балл көрсеткішіне 2 277 түлек (12,6 %) жете алмады; (2015 ж. – 3 478 – 18,4%). 125 баллды Алматы қаласының 3 түлегі жинады. Алматы қаласында: 2 түлек №159 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясынан, 1 түлек №12 мектеп-гимназиясынан. 2015 жылы –1 түлек. 100 баллдан жоғары алған түлектер саны – 3 834 (21,3 %). 2015 жылы –  3 409  (18,1%).

Тестілеу қорытындылары www.testcenter.kz сайтында тестілеу пункттерінде қорытындыларын шығарумен бір уақытта жарияланады.  

Соңғы жаңалықтар