• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Маусым, 2016

Ресей актері Алексей Жарков қайтыс болды

371 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 маусым. Мәскеуде Ресейдің белгілі театр және киное актері Алексей Жарков 69 жасында ұзаққа созылған науқастан кейін қайтыс болды. Бұл туралы Lenta.ru ақпарына сүйенген egemen.kz хабарлады. «Өмірден таңғаларық талантты артист, қарапайым да ақжарқын адам өтті», – делінген Ресей кинематографтар одағының сайтында. Актер биылғы жылғы наурыз айының басында инсульт алған. Ол 2012 жылы уақытша сал болып қалуды бастан кешкен. Жарков соңғы жылдары Мәскеу түбіндегі саяжайында тұрған. Актердің творчестволық өмірбаянында 130-дан астам кинодағы рөлдері бар. Олардың арасында «Түнгі оқиға», «Қылмысты талант», «Иф зынданының тұтқыны», «Имитататор» және «Ұйықтап жатқан итті оятпаңдар» деген фильмдерді көрермен қауым жақсы білсе керек. Жарков – Ресейдің халық артисі, «Достық» орденінің иегері. Актер Мәскеуде туған, МХАТ мектеп-студиясын бітірген. Ол 1971-1988 жылдары Ермолова атындағы театрда жұмыс істеді, содан кейін Чехов атындағы МХТ-ға келді. Ал 2000 жылы қайтадан бірінші театрына барды. Халық артисі сейсенбі күні Наро-Фоминскідегі мазарда жерленеді. Ресми қоштасу болмайды, тек жақындары ғана жаназасына жиналады, деді актердің жесірі Люьовь Жаркова. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Lenta.ru.