АСТАНА. 6 маусым. Кеңестік белгілі шахматшы-гроссмейстер Виктор Корчной 86 жасында Швейцарияда қайтыс болды. Бұл туралы Lenta.ru ақпарына сүйенген egemen.kz хабарлады.
Ресей шахмат федерациясының сайтында Корчнойдың 1952 жылы КСРО чемпионатына қатысып, бірден алтыншы орын алғаны айтылған. Ол 1956 жылы гроссмейстер атағын алған. Ал 1960 жылы КСРО чемпиондығын ұтты. Барлығы төрт рет Кеңес Одағының чемпионы болды.
Виктор Корчной 1968 жылы әлем чемпиондығының финалында Борис Спасскийге ұтылды. Арада 6 жыл өткенде кеңестік келесі қарсылдасы Анатолий Карповқа да есе жіберді.
Корчной КСРО құрамасы сапында алты рет Шахмат олимпиадасының чемпионы болды, сондай-ақ, 100-ге жуық халықаралық турнирлерде жеңіске жетті.
Ол 1976 жылы Швейцарияға қоныс аударды. 1994 жылы осы елдің азаматтығын алды.
Корчной қайтыс болғанға дейін әлемдегі ең жасы үлкен гроссмейстер болып келді.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: Lenta.ru.