• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2016

«Медикер» – халықаралық көрменің серіктесі

364 рет
көрсетілді

Жақында «Медикер» компаниясы мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ арасында ортақ серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылып, «Медикер» компаниясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің операторы әрі серіктесі атанды.  Жасалған келісім аясында «Медикер» ЖШС өзі салатын  инвестициясының басым бөлі­гін көрме алаңында ашылатын медициналық орталықтар мен 6 медициналық пункттің талап­қа сай жабдықталуына бағыт­тамақ. «Біздің компаниямыз үшін ЭКСПО-2017 көрмесінің меди­ци­налық серіктесі атану – зор құрмет. Бұл бізге деген сенімнің жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Осы ретте үлкен жауапкершілікті арқалап отырғанымыз да белгілі. Дегенмен, өзіміздің жағымыздан қол қойылған меморандумның барлық тармақтарын сапалы әрі уақтылы орындайтынымызға кепілдік береміз», – деді «Ме­ди­кер» компаниясының басқарма төрайымы Гүлжан Садырбаева қол қою рәсімінен кейін сөйлеген сөзінде. ЭКСПО-2017 көрмесінде ха­лық­аралық стандарттар бойын­ша арнайы оқытылған мамандар – дәрігерлер, үйлес­тіру­ші­лер мен басқа да медициналық қыз­меткерлер жұмыс атқаратын болады. Көрменің ашылуына дейін олар көрменің халық­ара­лық қатысушылары үшін ме­дициналық қызмет көрсетуге және ЭКСПО-2017 көрмесінің бар­лық келушілері үшін шұғыл, жедел және басқа да медициналық көмектер көрсетуге толықтай дайын болмақ. «Астана ЭКСПО-2017» ұлт­тық компаниясы» АҚ-тың бас­қарма төрағасы Ахметжан Есі­мов болса, халықаралық қаты­су­шы­лармен қатар, көрмеге қатысу­шыларға көрсетілетін медици­налық қызметті жаңа технология­ларды қолдана отырып  барынша сапалы әрі нәтижелі деңгейге қою керек екенін атап көрсетті. «Қазақстандағы ірі де танымал медициналық компанияның «Астана ЭКСПО-2017» сынды ау­қымды іс-шараға қатысуға дайын екені біз үшін өте маңыз­ды. «Медикер» ЖШС-нің Қазақ­стан бойынша кең көлемде тарал­ған медициналық қызмет жүйесі бар. Әрине, «Медикер» ком­паниясының медициналық қызмет көрсетудегі тәжірибесі Қазақстан үшін маңызы жоғары іс-шараны өткізуге септігін тигізбек», – деп атап өтті Ахметжан Есімов. Осы орайда еске салар болсақ, «Медикер» ЖШС медициналық қызметтер нарығында 15 жылдан астам қызмет етіп келеді. «Ме­дикер» – бұл Қазақстан Респуб­ликасының барлық аймағында өз клиенттеріне жоғары кә­сі­би  негіздегі медициналық қызмет көрсетуді ұсынатын Қазақ­стандағы ең сенімді ірі компания. «Медикердің» басты мақсаты ұлттық және халықаралық сапа, экология, қауіпсіздік  және еңбекті қорғау стандарттарына сай медициналық қызмет көрсету болып табылады. «Медикер» компаниясы «Болашақтың энергиясы» атты ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін толықтай қолдайды, сондықтан өз жұмысын экологияның жо­ға­ры стандарттарын ұстану ар­қылы және қоршаған ортаға зиян­ды әсерін тигізбей энергияны үнемдеу саясатына сай жүргізіп отыр. Ұлан САНЖАР
Соңғы жаңалықтар