• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2016

Қазақстан байқаушы ресми мәртебесін алды

292 рет
көрсетілді

Қазақстан Кариб мемлекеттері қоғам­дас­тығы (КМҚ) жанындағы байқаушы ресми мәртебесін алды. Бұл шешім Гаванада өткен КМҚ-ға мүше елдер мемлекет және үкімет басшыларының 7-ші саммиті барысында қабылданды. Аталған іс-шарада қазақстандық делегацияға Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев басшылық етті. Ал Кариб мемлекеттері қоғамдастығы Латын Америкасы мен Кариб бассейні аймағындағы ең беделді ұйымдардың бірі болып табылады. Осы қосалқы өңірлік бірлестіктің құрамына өңірдің 25 тәуелсіз мемлекеттері енеді. Қазақстанмен бірге КМҚ жанындағы байқаушы қатарында Ұлыбритания, Италия, Испания, Нидерланд Корольдігі, Канада, Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь және т.б. мемлекеттер бар. Қазақстанның КМҚ-ға қосылу өтінімі осы аймақ елдерімен көптеген мәселелер бойынша, соның ішінде туризм, энергетика, денсаулық сақтау және т.б. өзара тиімді әріптестікті дамытуға деген ұмтылысымен түсіндіріледі. Бұл бағыттың Қазақстан сыртқы саясатындағы өзектілігін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылы сәуірдегі Кубаға мемлекеттік сапары көрсетті. «Егемен-ақпарат»
Соңғы жаңалықтар