Кеше Бішкекте Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Отырыс қатысушылары сауда-экономикалық, энергетика, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы интеграциялық өзара іс-қимылды дамытуға арналған мәселелердің кең ауқымын талқылады.
Атап айтқанда, біржақты пішімдегі отырыста делегация басшылары ТМД органдарының 2016 жылға арналған бірыңғай бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарады, деп мәлімдеді Атқарушы комитеттің төрағасы –ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев кеңейтілген құрамдағы отырыс барысында.
Күн тәртібінен тыс ТМД Атқарушы комитетінің ТМД елдері Мемлекет басшылары кеңесінің Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қазандағы ұсыныстары туралы хаттама шешімін жүзеге асыру барысы жайлы мәліметі тыңдалды.
«Осы мәселе аясында ТМД қызметін жетілдіру туралы өткір және конструктивті пікір алмасу өтті және Кеңеске ТМД елдерінің тұрақты өкілетті өкілдеріне, Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияға және ТМД Атқарушы комитетіне біржақты пішімде өткен отырыс барысында айтылған барлық ескертулерді, пайымдаулар мен пікірлерді ескертуді тапсыратын хаттама шешімі қабылданды», – деді С.Лебедев. Сондай-ақ, ол бұл мәселе биылғы жылдың 16 қыркүйегінде Бішкекте ТМД Мемлекет басшылары кеңесінде қаралатынын айтты.
Кеңесте Достастық елдерінің түрлі саладағы ынтымақтастығын одан әрі кеңейту және тереңдетуге бағытталған жиырмадан астам құжат жобалары қаралды. ТМД ҮБК-нің келесі отырысы 2016 жылғы 28 қазанда Минскіде өтетін болды, деп хабарлады Қазақстан Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.