• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2016

Өңірде бірінші болып аяқтады

296 рет
көрсетілді

Ақмолалық диқандар жыл сайынғы жақсы дәстүрлерін жалғастырып, дәнді дақылдар егу науқанын биыл да солтүстік өңірде қызу қарқынмен жүргізілді. Қолымыздағы дерек бойынша, өңірдің агроөндірістік кешендері 4 миллион 217,7 мың гектар аумаққа дәнді және бұршақ дақылдарын еккен. Соның ішінде, майлы дақылдар 206,7 мың гектар (100% жос­парлы), көпжылдық шөптесін – 36,6 мың гектар (100%), жүгері сүрлемі  – 8,9 мың гектар (127%), картоп – 18,7 мың гектар (100%) және кө­көніс – 4,4 мың гектар (100%) алқапқа орналастырылды. Ауыл шаруашылығы техникасын дайындау бойынша жұмыстар да уақтылы әрі тиісті деңгейде жүргізіліп, егін себу науқаны басталмас бұрын көліктік-тракторлық парк толық дайындалды. Атап айтсақ, биылғы науқанға 15688 бірлік трактор, 17575 – дәнсепкіш, 1076 – кең алым­ды кешен, 22155 – тырнауыш, 2459 – қопсытқыш және 1086 – сыдыражыртқыш қатыс­тырылған. Сондай-ақ, 2016 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге несиелеу бағдар­ламасы бойынша «Есіл ӘАК» ҰК» АҚ кепілдемесі бойынша 5,0 миллиард теңге қаржы бөлінгенін айта кетуге болады. Оған қоса, дән себу жұ­мыс­тарына – 77,1 мың тонна дизель отыны, 8,2 мың тонна жанармай, 4,5 мың тонна жағармай жұмсалған. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы