• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2016

9,8 миллион адамға мемлекет есебінен медициналық қызмет көрсетіледі

337 рет
көрсетілді

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай – МӘМС) жүйесін енгізгеннен кейін халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жататын 9,8 млн.-нан астам адамға олар үшін мемлекеттің жарна төлеуі арқылы медициналық қызмет көрсетілетін болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры (әрі қарай – ӘМСҚ) жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әс­кери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Халықтың әлеуметтік тұр­ғыдан осал тобына: – балалар; – «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен мара­патталған көп балалы аналар; – ҰОС ардагерлері мен мүге­дектері; – мүгедектер; – жұмыссыз ретінде тіркел­ген азаматтар; – интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар; – техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында күн­дізгі бөлімдерде, сонымен қатар, резидентура формасындағы ЖОО-дан кейін білім алып жатқан тұлғалар; – бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты дема­лыс­тағы тұлғалар; - жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар; - зейнеткерлер; - ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер; - уақытша ұстау изолятор­лары мен тергеу изолятор­ларындағы азаматтар жатады. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап мемлекет, жұмыс беру­шілер, өзін өзі жұмыспен қамты­ған азаматтар ӘМСҚ-ға жарна төлеуді бастайды. Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орта­ша айлық еңбекақының 7 %-ын құрайды. Сонымен қатар, мөл­шер­леменің көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жыл­дан 7%-ға сатылай өсетін бола­ды. Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады. Өзін өзі жұмыспен қам­тыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіп­кер­лер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7%-ын құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады. Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 2019 жылдан бас­тап 1%, 2020 жылдан 2% мөлшерінде төлейтін болады. Қор арқылы қаржыландыру 2017 жылғы 1 шілдеден басталады.  «Егемен-ақпарат»