Халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі шеңберінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ бүгінгі таңда 45 миллиард теңгеге бірқатар шетелдік компаниялар және қазақстандық кәсіпорындармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың басшылығы, сондай-ақ, еншілес ұйымдардың жетекшілері қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің өкілдері және шетел мемлекеттерінің жетекші қару-жарақ пен әскери өндірушілерімен 40-тан аса кездесу өткізді.
Сонымен, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-пен келіссөз жүргізу нәтижесінде «405-АЖЗ» АҚ және «Ресей тікұшақтары» АҚ ресейлік өндірістің тікұшақ техникасына сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуді кеңейту мақсатында 2020 жылға дейінгі кезеңге бірлескен жобалардың Жол картасына қол қойды.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ пен ресейлік «Қорғаныс жүйелері» «Репеллент» шағын көлемді ұшқышсыз ұшу аппараттары және «Автобаза-М» жерүсті радиотехникалық барлау кешені бар радиоэлектрондық күрес кешендерін жеткізу аясында келісім жасасты.
«КАЕ» ЖШС «СТТ ҒЗИ» АҚ-пен (РФ) көздеуіш кешендеріне жылувизиялық камераларды кіріктіру туралы белоруссиялық «Пеленгпен» ҰҰА-ға әрі қарай кіріктіру үшін инфрақызыл линзалар мен жылувизиялық камераларды жеткізу туралы тиісті құжатқа қол қойып, ымыраға келді.
«С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ пен «Elcom innovations» үнді компаниясы көрме алаңында радиоэлектроника және байланыс аясындағы ынтымақтастық туралы, «ПЗТМ» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС және израильдік «Elbit Systems» компаниялары кері серпілісті құрылғылар мен механикалық жетектері бар 120 мм мина атқыш негізінде жүйені өндіру бөлігінде меморандум жасасты.
«Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ пен испаниялық «SAES» компаниялары теңіз миналарын бірлесіп өндіруді меңгеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы меморандумға компания басшылары «KADEX-2016» көрмесінің екінші күні барысында қол қойды.
Ірі келісімшарттардың бірі – Мьянмаға конверсиялық техниканы жеткізу болды. «Семей инжиниринг» АҚ «MCM Pte Ltd» өкілдерімен келісімшарт жасасты. Әскери және азаматтық мақсаттағы жаңғыртылған техниканың экспорты туралы тағы бір меморандумға болгариялық «Металика – АБ ЕООД» компаниясымен қол қойылды.
«Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС-ға (ҚАИ) Ми-2 және Ми-8 тікұшақтарын жаңғырту бойынша технологиялар мен Ми-8 тікұшақтарына арналған қозғалтқыштарды күрделі жөндеуді беру туралы «Мотор Сич» АҚ-пен (Украина) кәсіпорынмен келісімге қол қойылды. Су-25 үлгісіндегі ұшақты күрделі жөндеу мен жаңғырту келісімшартына белоруссиялық «558-авиажөндеу зауытымен» қол қойылды.
«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС (ЕСКИ) бірқатар қазақстандық компаниялар мен мемлекеттік құрылымдарға өзінің тікұшақтарын ықтимал жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. ЕС-125-тің 7 тікұшағын сатып алу жөнінде меморандумға Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері ЕСКИ-мен қол қойды, ЕС-130-дың 18 тікұшағы – «ҚазМедЭйр» ЖШС компаниясының басшылығы. Сонымен қатар, ЕСКИ «Қазавиаспас» АҚ-та бар ЕС-145 борттарына техникалық қызмет көрсету жүргізуге ниетті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылғы маусымның 2-сі мен 5-і аралығында Астанада IV халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі өтеді. Оның бірлескен ұйымдастырушысы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ болып табылады.
«Қазақстан инжиниринг» компаниясының тобы биылғы жылы көрме қатысушыларына 42 бірлік әскери техника, сондай-ақ 95 бірлік әскери және азаматтық мақсаттағы бұйымның тұсауын кесетін 20 кәсіпорынмен ұсынылған.
Сәулебек БІРЖАН