• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2016

Жеңіске жетті

301 рет
көрсетілді

Кеше Қытайдың Далян қаласында футболдан Қазақстан мен Қытай ұлттық құрама командаларының арасында жолдастық кездесу өтті. Кездесуде Қазақстан құра­масы 1:0 есебімен жеңіске жет­ті. Матчта алаңға 67-минутта шыққан жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев жалғыз доптың авторы атанды. Жалпы, ойын өте тартысты жағдайда өтті. Бірінші таймда қарсыластар бір-бірін аңдып, ара-тұра шабуыл жасағанымен, көп қауіпті жағдай жасамаған еді. Ал екінші таймда жасыл алаңда нағыз тайталасқан ойын болды. Алаң иелері матч­тың жолдастық кездесу екенін ұмытып, бірін­ші таймның соңынан бастап отан­дастарымызға қарсы дөрекі ойнады. Сондай сәттердің бі­рінде Ұлан Қонысбаев жара­қат алып қалды. Бірақ ұлт­тық құрамамыз ондай пси­хо­­ло­гиялық қысымдарға «сын­­бай», керісінше, намысқа тыры­сып, шабуылдарды жиілете түсті. Қытай құрамасы да қарап жатпады. Олар да Давид Лория қорғаған қақпаға бірнеше қауіпті сәт төндірді. Осы кезде құ­ра­маның бас жаттықтырушысы мін­­детін атқарушы Талғат Байсу­финов алаңға Сергей Хижни­ченконың орнына Азат Нұр­ғалиевті шығарды. Бұл ойыншыны өте сәтті алмастыру болды. Азат Қытай командасы қақпасына шабуылдардың бірінде әуелетіп берілген пасты пайдаланып, баспен әдемі гол соқты. Осыдан кейін алаң иелері қанша шабуылдағанымен, жер­лестеріміз сауатты қорғанып, таблодағы есепті ойын соңына дейін сақтай білді. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»