• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2016

Төрт жасар саяхатшы

225 рет
көрсетілді

Қытайдың төрт аймағын жаяу аралап шықты Қытайда тұратын төрт жасар Пань Веньвень есімді қыз елдің төрт аймағында болып үлгерді. Ол өз әке-шешесімен бірге бұл жерлердің бәрін жаяу аралап шыққан. Паньдар отбасы елдің оңтүс­тік-шығысында орналасқан Цзяньси провинциясындағы Шанжао қаласында тұрады. Ерлі-зайыпты екеу 2013 жылы қастарына бір жасқа жаңа толған қыздарын алып, ұзақ уақыт­тық сапарға шы­ға­ды. Олар үш жылдың ішінде Юньнань, Гуйч­жоу, Сычуань пр­о­вин­циялары мен Гуанси автономия­лы ауданында болған. Енді шілде айында Тибетке дейін жетіп алуды жоспарлап отыр. Ұзақ жолдың басында кіш­кентай Веньвень жаяу жүре алмаған екен. Сосын әке-ше­шесі оны көтеріп алып жүрген. Алайда, кейінірек қыз біраз қатайып, өзі жүре алатын дәре­жеге жеткен. Қазір ол күні­не 30 шақырымға дейінгі аралық­ты жаяу жүріп өте алады. Қыздың әкесі Пань Шифен бұл тәжірибе қыздарының тәу­ел­­сіз болып өсуіне, әртүрлі жағ­­­дайларға өз бетінше бейім­делуіне зор ықпал жасайтынын айтады. Оның ойынша, туризмнің арқасында бүлдіршін достық рәуішті және елгезек болып өсіп келеді. Мұрат АЙТҚОЖА