• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2016

Нью-Йоркте көшеге Мұхаммед Әлидің есімі уақытша берілді

210 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 маусым. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы көшелердің біріне әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің есімі уақытша берілді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қала мэрі Билл Де Блазио 33-Уэст көшесінің атауы уақытша өзгертілгенін мәлімдеді. Бұл көшенің бойында боксшының көптеген жекпе-жектері, оның ішінде 1971 жылы Джо Фрейзерге қарсы кездесуі өткен «Мэдисон Сквер Гарден» спорт сарайы орналасқан. «Бүгін біз қаламыздың дәл ортасындағы көшелердің біріне Мұхаммед Әлидің есімін бердік. Ол мұндай құрметке лайықты жан», – деді Билл Де Блазио. The Telegraph ақпары бойынша, АҚШ-та көшенің атауы тұрақты түрде өзгеруі үшін қалалық кеңестің келісімі және қала мэрінің қол қоюы тиіс. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: 24.kz.
Соңғы жаңалықтар