• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2016

Алжирде Facebook-ке тәуелділер үшін клиника ашылды

182 рет
көрсетілді

 Африка құрлығындағы Алжир мемлекетінде Facebook-ке тәуелділерді емдеу бағытында жұмыс жасайтын емхана ашылды. Бұл туралы VSE42 ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Басылымдар оның әлемдегі реттік саны бойынша үшіншы осындай клиника екенін айтып отыр. Бұған дейін мұндай сауықтыру-емдеу орындары Қытай мен Оңтүстік Кореяда ашылған екен. Алжирдегі клиникада есірткі мен алкогольге тәуелділерді емдейтін мамандар жұмыс жасайды. Олап facebook-нашақорларына жәрдем беру үшін арнайы бағдарлама жасап, адамды виртуалды әлемнен алып шығуға күш салады. Бұдан бұрын норвег ғалымдары интернетке тәуелділердің алкоголь мен есірткіге тәуелділер сияқты өте қауіпті екендеріне мәлімдеген болатын. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: VSE42.
Соңғы жаңалықтар