• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2016

* Басқа басылымдардан

220 рет
көрсетілді

«Шабуылды үрей шақыру үшін жасаған» Қазақстанда террорлық қауіптің «сары» деңгейі жарияланды. Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімге қарулы шабуыл жасалды. Саясаттанушы Игорь Шатров Ақтөбедегі жағдайды қоздырушы элементтердің елдегі ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеті деп бағалайды. «Саясаттанушы, Ресей Ұлттық қазіргі заманғы идеологияны дамыту институты директорының орынбасары Игорь Шатров Sputnik радиосының эфирінде Ақтөбедегі жағдайды республикадағы ахуалды тұрақсыздандыруға әрекет етудің жалғасы деген пікір білдірді. «Арнайы қызмет органдары мен республика басшылығына мемлекеттік төңкеріс жасауға әзірлік жүріп жатқаны туралы біраздан белгілі болды. Бірақ оның авторлары жергілікті тұрғындар арасынан қолдау тапқан жоқ, елдің басшылығы соған дейін өте салмақты саяси қадамдар жасап үлгерді. Атап айтқанда, Қазақстанды біріктіретін жаңа идеяға, Президент Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауға бағытталып, мерзімінен бұрын өткізілген Парламент сайлауы бұл миссияны табысты атқарып шықты. Біз мұны қазір қоздырушы элементтердің қоғамға тұрақсыздық әкелуге тырысқан әрекеттері арқылы Ақтөбеден көріп отырмыз», дейді Игорь Шатров», – деп атап көрсетеді агенттік.   «Оның пікірінше, бұл акциялардың бәрінің артында белгілі бір тапсырысшылар тұр», – деп қорытады тілші сөзін.  «Орынбор жерінде полиция жұмысы күшейтілді» Орынбор облысында күштік құры­лымдар жоғары дайындық режімінде жұмыс жасап жатыр. Басылымның атап өтуінше, осылайша Қазақстанмен шектесетін бірнеше ауданда полиция бөлімдерінің ғимараттары күшті күзетке алынған. Патруль жасақтары қару-жарақ сататын дүкендер бар аудандарды ұдайы торуылдап жүр. Қауіптің болу ықтималдылығы жөнінде жеке күзет кәсіпорындары мен пошта бөлімшелеріне ескертілген, деп жазады RIA56 порталы. Орынбор облысы ішкі істер министрлігі басқармасының бастығы Михаил Давыдов облыс тұрғындарын алаңдамауға шақырды. Оның айтуынша, Орынбор жерінің территориясы түгел бақылауда тұр. Портал, сонымен бірге, Қазақстанның Ақтөбе қаласындағы ахуалдың әлі қауіптіліктің «қызыл» деңгейінде тұрғанына қарамастан, толық бақылауға алынғанын, ондағы күштік құрылымдардың қыра­ғылықпен жұмыс жасап жатқанын баяндайды. «Қазақстан антитеррорлық операция өткізді» Беларусьтің басты ақпарат агенттігі Қазақ­станның батыс өңірінде 6 маусым күні орын алған террорлық оқиға туралы жаза келіп, күштік құрылымдар оған қарсы бағытталған операциясын сәтті өткізгенін жеткізеді. «Құқық қорғау органдарына шабуыл жасау­шылардың үшеуін өлтіріп, біреуін жарадар етіп, біреуін қолға түсірудің орайы келді. Бірнеше қылмыскер қашып кете алды. Қазір оларды ұстаудың шаралары жасалып жатыр. Қалада барлық көңіл көтеру мекемелері, сау­да орталықтары мен ірі дүкендер жабылған, олардың келушілері сыртқа шығарылған», деп жазады агенттік тілшісі. «Содырлар аяушылық танытқан жоқ» Ұлыбританияның Би-Би-Си радиосы терроршыларды ауыздықтау барысында күдікті исламист содырлардың қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасау барысында  алты адамды өлтіргенін атап көрсетеді. «Полициямен атыс кезінде шабуыл жасаушылардың төртеуі өлтірілді, бірақ бірқатары қашып кете алды», – делінген хабарда. «Қазақстанда исламшылардың шабуылдары бола қояды деп күтілмеген  еді. Алайда, Ақтөбе – Ресей шекарасына жақын орналасқан қала, осы жерде 2011 жылы Қазақстанда алғаш рет теракт жасалған болатын», – деп жазады бұдан әрі портал. Шетелдік басылымдар хабарлары бойынша дайындалды