• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2016

Көлік полицейлері

545 рет
көрсетілді

40 килодан астам бекіре тұқымдас балық пен 10 кило қара уылдырық тәркіледі «Бекіре-2016» жедел-профи­лактикалық іс-шарасы барысында Атырау, Ақтау, Орал стан­сасындағы Ішкі істер желілік бөлімдері қызметкерлері құқық бұзушылықтың 9 фактісін анықтады. Атап айтсақ, балық пен балық өнімдерін заңсыз аулауға қатысты 7 факт, яғни 42 келі 400 гр. бекіре тұқымдас балық пен 10 келі 500 гр. қара уылдырық тәр­кіленіп алынды, сонымен қатар, киік мүйіздерін заңсыз тасымалдауға қатысты 2 факт анықталып, 460 дана киік мүйізі тәркіленді. Жоғарыда аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық істер қозғалды. Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында балық пен балық өнімдерін заңсыз аулауды және айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге, заң­сыз шығару, тасымалдау, сатып алу, сату және өткізу фак­тілерін анықтау және болдырмау мақсатында Орал-Каспий бассейні аумағында «Бекіре-2016» ЖПІШ өткізілді, деп хабарлады Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.