• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2016

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

350 рет
көрсетілді

Бүгін, 9 маусым күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінің кей жерлерінде тұман күтіледі. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болып, қатты ыстық күтіледі. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, сонымен қатар күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.  Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, ал күндіз бұршақ болуы ықтимал. Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.
Соңғы жаңалықтар