• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2016

Ақтөбеде қаза тапқандарды еске алуға арналған митинг өтті

162 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен 9 маусым Қазақстанда лаңкестік актінің құрбандарын ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.  Бүгін сағат 9-дан бастап өңірде тулар түсіріліп, мәдени-көпшілік, спорттық және ойын-сауық шаралары кейінге шегерілді, жергілікті арналарда ойын-сауық теле-радио бағдарламалары тоқтатылды. Ұлттық аза тұту күнінде ақтөбеліктер мен қала қонақтары қайғылы оқиға болған орындарға гүл шоқтарын қойып, лаңкестік әрекет кезінде қаза тапқандардың рухына құрмет көрсетті. №6655 әскери бөлімінде аза тұту митингі өтіп, «Пантера» дүкеніне гүл шоқтары қойылды. «Нұр Ғасыр» мешітінде қаза тапқандардың рухына құран бағышталды. 5 маусым күні белгісіз топ Ақтөбедегі екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге қарулы шабуыл жасады. ІІМ-нің мәліметінше шабуылға қатысушылардың дені ұсталған, 6 адам іздестірілуде. Өкінішке орай, шабуыл салдарынан 7 әскери және азаматтық тұлға көз жұмды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жергілікті билік лаңкестіктен зардап шеккен және қайтыс болғандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуде. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, фото: egemen.kz // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e