Әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің жерлеу рәсіміне бірқатар танымал тұлғалар қатысады деп күтілуде. Олардың арасында Иордания королі Абдалла ІІ, Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған, АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон, актер Уилл Смит, британиялық боксшы Леннокс Льюис бар.
Даңқты боксшының отбасының мүшесі Боб Ганнелдің айтуынша, қаралы іс-шара 9-10 маусым күндері Луисвилл қаласында өтеді. Мұсылмандық жолмен қоштасу 9 маусымда, ал келесі күні салтанатты рәсім «Фридом-Холл» аренасында өтеді. Мәліметтер бойынша, жерлеу іс-шарасы Мұхаммед Әлидің көзі тірі кезінде айтып кеткен тілегіне сәйкес дайындалды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: mk.ru.
Фото: sport.bigmir.net.