• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2016

Еуро-2016: сарапшылар не дейді? (фото)

284 рет
көрсетілді

Бүгін, 10 маусым күні Францияда футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Ол Сен-Денидің «Стад де Франс» стадионында Франция – Румыния құрамалары арасындағы матчпен ашылады.

Осыған орай Euronews бір топ сарапшының чемпионат пен оның фавориттері туралы пікірлерін сұраған екен. Басылымның Римдегі тілшісі Чинция Рицци (Италия) бұған қатысты әңгімені былай бастайды: «Старттық ысқырықтың естілуіне санаулы сағаттар қалды. Біз осыған орай оған қатысушы командалардың өз мамандарымыздың таныстыруларына мүмкіндік береміз. Мен қазір Италияда тұрғандықтан, әуелгі сөзі Италия құрамасынан бастап көрейік. Жасыратыны жоқ, Антонио Контенің шәкірттері чемпионаттағы фавориттердің қатарынан саналмайды. Бұл шынында да солай. Команда құрамында жартылай қорғаушылар Верратти мен Маркизионың болмауы – итальяндар үшін айтарлықтай шығын. Сондай-ақ Буффонды алайықшы. Құрамда «Наполидің» форварды Лоренцо Инсинье секілді жас перілер бар. Команда үшін Киевтегі «Еуро-2012» финалда жеңіліп қалу осы жолы нағыз алға ұмтылуға себеп болуы тиіс. Давид Трезегенің «алтын голы» үшін Францияның өз алаңында қарымта қайтару аққайнардан сораптауға жақсы себеп болар еді. Енді кезекті өз әріптестеріме беремін. Ал олар не айтар екен, тыңдап көрейік». Венсан Менар, Франция: «Мен айтсам, «Бензема-Вальбуэн» арасындағы жанжалға, Дешамға қарсы расизм айыбы таңылып жатқанына қарамастан, жарақаттарға, әсіресе, қорғаныс шебіндегі шетінеулерге қарамастар, «үштүстілер» «Еуроны» ұта алар еді. Біріншіден, команданың діңгегін Еуропаның жетекші командаларында ойнап жүрген Льорис, Матюиди немесе Гризманн секілді ойыншылар құрайды. Екінші, бұдан да маңыздысы, 1984 жылы Платини командасы триумф жасағандай немесе 1998 жылы Зидан мен оның достары жеңіске жеткендей, бұл жолы да француздар өз алаңында чемпионат қабылдап жатыр. Құдай айтқандай, «Құдай үштікті жақсы көреді».

Джо Аллен, Англия: «Орта жасы 25-тегі Англия құрамасы «Еуроға» өзінің тарихындағы ең жас команданы әкелді. Бұл – Деле Алли, Джейми Варди мен Гарри Кейін сынды жарқыраған жас таланттарды жанына тартқан, ал Уэйн Руни мен Джеймс Милнер бай тәжірибелерімен оларды күшейте түсетін динамикалы, табанды да шабуылға қатты ден қоятын команда. Ол 50 жыл бойы ірі жүлделерден қағылып келген команданы жеңіске жетелер алар ма еді? Онда шындықтың бетіне тура қарайық: биыл «Лестер» Англия премьер-лигасында чемпион атанып, бәрінің де мүмкін екенін көрсетіп берді. Ендеше, неге болмасқа?!» Алексей Доваль, Ресей: «Бәрі – бірі үшін, бірі – бәрі үшін?». Бұл – Ресей құрамасының «Еуро-2016»-дағы ресми ұраны. Леонид Слуцкийдің командасы құрамында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар жоқ, бірақ ол ұжымшыл ұйымшылдығымен күшті. Қиын сәттерде осы көмекке келеді. Турнирдің алдында ресейліктер алаң ортасындағы екі маңызды ойыншысы – Дзагоев пен Денисовтен айрылып қалды. Сондықтан бірінші матчта команда құрамының қандай болмағы мүлдем түсініксіз. Ресейлік жанкүйерлер команданың плей-офф кезеңіне шығау жетістік деп есептейді. Бірақ Ресей құрамасының Францияда сюприз жасап, одан да қатты таң қалдыратынына үміттеніп отыр». Виктор Саммайн, Германия: «Енді бұл чемпионаттың «басты» командасы – Германия туралы айтайық. Осы кезге дейін немістер үш рет «Еуроны» ұтты. Бірақ бір ғана командаға бұрынғы атағын сақтап қалудың орайы келді. Оны соңғы екі чемпионатта Испания жасады. Біз сол екі чемпионаттың финалында испандардың қалай жеңіске жеткендерін жақсы есте сақтап қалдық. Бізге 2008 жылғы финал өте ауыр тиді. Ал Германияның соңғы жеңісін ешкім де есте сақтап қалған жоқ. Себебі, одан бері көп уақыт өтіп кетті. 1996 жылдан бері де 20 жыл артта қалды. Қазір 4 дүркін чемпион атанып жатсақ, тіпті керемет болар еді!». Денис Кулик, Украина: «Украина Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінің жаңа командасы болып саналмайды, бірақ Шевченко мен оның жасағы соңғы «Еуроға» чемпионатты өткізуші елдердің бірі ретінде іріктеу турнирінен өтіп жатпай-ақ оған бірден қатысты. Бұл жолы Михаил Фоменконың командасы Еуропа күштілерінің қатарындағы орнын іріктеу жарыстарының шайқастарында, ақырғы плй-оффта жеңіп алды. Сондықтан Украина құрамасын чемпионаттың фавориті қатарынан қоспасақ та, ол Францияда футбол жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленіп, Коноплянка мен Ярмоленкодан басқа да жақсы ойыншылары бар екенін таныта алар еді». Паула Виллаплана, Испания: Испания соңғы рет Бразилияда өткен Әлем кубогы турнирінде өте нашар өнер көрсеткеннен кейін Францияға бұл команданың әлі де айтар сөзі бар екенін таныту үшін келіп отыр. Енді «қызыл фурия» сапында бұрын көп нәрсені істеп келген Хави, Пуйоль, Санти Касорла секілді ойыншылар болмайды. Бірақ Мората мен Нолито секілді өз шеберіктерін көрсетуге асығып жүрген жас ойыншылар бар. Бұдан басқа, Испанияның қатарынан үшінші рет құрлық чемпиондығын ұтып алу сияқты тарихи жетістікке жету үшін барын салатынын да ұмытпасақ керек». Фатих Йетим, Түркия: «Түркия әдеттегідей «Еуроның» билетін ең соңғы сәтте ала алды. Ол 2012 жылғы чемпион Испаниямен, сондай-ақ Хорватиямен және Чехиямен «өлімге бас тіккендер» тобында кездеседі. Жарыс жолын жалғастыру үшін түріктерге жарқырап ойнау керек. Әрине, Фатих Теримнің ойыншылары турнирдің фавориттері қатарына кірмейді, бірақ мұнда сюрприз жасауға барынша құлшынып отыр».

Бруно Соуза, Португалия: «Соңғы 20 жылда Португалия Еуропа чемпионатының кемінде ширек финалына ұдайы шығып келді. Осы жолы да одан осыны күту қисынды болады. Бұл команда өте тәжірибелі. Әсіресе, қорғаныста. Сонымен бірге «тың күштер» де бар. Олар – Жоау Мариу, Андре Гомеш және Ренато Санчес секілді енді жанған жұлдыздар. Ал шабуылдағы барлық салмақ Криштиану Роналдудің иығына түседі. Егер оның денсаулығы дұрыс болып, бар күшімен ойнай алса, Португалия ең жоғары орындар үшін таласа алар еді». Габор Кисс, Венгрия: «Бұл – венгрлердің соңғы көптеген ұрпақтары үшін Еуропада өз командасына жанкүйерлік жасағалы тұрған бірінші чемпионаты. Бұрын мұндай бақытқа біздің аталарымыз көбірек ие болды. Венгрияның соңғы рет «Еуроға» барғанына қазір 44 жыл өтіпті. 1972 жылы венгрлер 4 орын алды. Қазір Францияға барғанымыздың өзін табыс көріп отырмыз. Дегенмен, жанкүйерлер өз командасының үш матчпен ғана шектеліп қалмасына сенгілері келеді. Яғни 1/8 финалға баруын армандаймыз. Топта ол Австрия, Исландия және Португалия командаларымен ойнайды». Руслан Игілік. Фото: Euronews.
Соңғы жаңалықтар