• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2016

Жаңа дәуірдің Естайы

494 рет
көрсетілді

Алматыда өнердің қай түрінен де құралақан қалмаған әнші, композитор, ақын Естай Әлікеевтің «Шер» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. Жыраулығымен де танылған Әлікеевтің бұған дейін «Тағдырым мені, кешірші», «Анама», «Жүре­гім – сазды сандығым», «Ес­тай Әлікеевтің әндері», «Ән-жүре­гімде», «Әзірге айтарым» сияқты жинақтары жарық көрген. 100-ден астам лирикалық және патриоттық әндердің авторы. Е.Әлікеевтің әндерін бұл күнде Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Дильназ Ахмадиева, «Каспий» тобы, «Нұр-Мұқасан» тобы, Жұбаныш Жек­сенұлы, Есет Сәдуақасов, Динара Қырықбаева, Әйгерім Қалаубаева, Өмірқұл Айниязов, Дина Хамзина, Қайыржан Бердібаев сынды ән­шілер орындап жүр. Балаларға арналған өлеңдері бір төбе. Осылайша, жаңа жыр жина­ғын өлеңсүйер қауыммен қауыш­тырған жан-жақты талант иесінің кітап-тұсаукесері тамаша өрбіді. «Шер» жыр жинағы қалай жазыл­ғаны да қызықты баяндалды. Шы­ғар­машылық кездесуде ақын­ның өршіл өлеңдері оқылып, жи­налғандар жақсы әсермен тарады. «Жаңа заманның Естайы» атанған Е.Әлікеев ізденімпаз талант ретінде тыңдармандар сүйіспеншілігіне бөленіп жүр. «Жаса, мәңгі қазағым», «Жақсы-жаман», «Талдықорған», «Ақ тілек», «Семейім», «Мына дү­ние», «Өкінбе», «Сен ғана», «Абы­лай­хан» әндеріне бейнебаян түсірілген. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ